Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтан мен Павлодар бағытындағы жол жабылды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан мен Павлодар бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан мен Павлодар бағытындағы жол жабылды

«19 ақпанда сағат 08:15-те ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан-Павлодар» республикалық жолдың 16-200 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласынан Ерейментау қаласы мен Шідерті кентіне дейінгі аралықта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды» делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Нұр-Сұлтан-Петропавл» республикалық жолының 18-231 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар