Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Былтыр Маңғыстауда трассалар сапасы 476 рет тексерілді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстаулық жол сапасын бақылаушылар 2020 жылдың 12 айында өңір аумағындағы трассаларға 476 рет шығып, 46 нысанда тексеру жүргізді, деп хабарлайды Еgemen.kz

Былтыр Маңғыстауда трассалар сапасы 476 рет тексерілді

Жол құрылысына қолданылған материалдардан 2199 сынама алынды. Олардың 1 мыңға жуығының сапасы талапқа сай емес, деп хабарлайды «ЖАҰСО» РМК баспасөз қызметі.

Республикалық маңыздағы жолдарда 217 рет бақылау жүріп, 13 нысан тексерілді. Алынған 168 сынаманың 9-ы талаптарға сай келмей шықты. Бұдан бөлек 128 әртүрлі ақаулықтар табылды. Оларды жою үшін мердігер мекемелер мен олардың қызметіне тапсырыс беруші әкімдік бөлімдеріне 27 рет қызметтік хат жазылды.

Жергілікті маңыздағы жолдарда 109 рет бақылау рейді жасалып, 16 нысан тексерілді. Жол инженерлері алған 1089 сынаманың 393-і нормативті техникалық құжаттар талаптарына сай келмей шықты. Сондай-ақ бұл жолдардан 31 ақаулық табылды. Тиісті орындарға 26 рет хат жолданды.

Қалаішілік, ауданішілік және ауылішілік көлік жолдарында 21 рет тексеру жүргізіліп, 17 нысаннан барлығы 501 сынама алынды. Оның 90-ы талапқа сай емес. Жауапты тұлғаларға 71 қызметтік хат жіберіліп, кемшілік табылған жерлер көрсетілді.

Жалпы Маңғыстау облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2948 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңыздағысы - 1020 шақырым, 1928 шақырым жолдар - облыстық және жергілікті маңызға ие.