Туризм • 19 Ақпан, 2021

Ғабидулла Әбдірахымов елімізге 90 елдің азаматтары визасыз кіре алатынын мәлімдеді

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында вице-министр Ғабидулла Әбдірахымов биылдан бастап Қазақстанға 90 елдің азаматтары визасыз кіре алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ғабидулла Әбдірахымов елімізге 90 елдің азаматтары визасыз кіре алатынын мәлімдеді

Вице-министр ведомствоның бұдан да басқа жобаларды қолға алғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, ең алдымен шетелдіктер үшін визасыз кіру ( бұл жағдай электронды визаны алу процесін жеңілдету қажет). Екіншіден, E-Qonaq жүйесімен байланысты жоба болғандықтан, шетелдіктерге тіркелу үшін процестен өтудің қажеті жоқ.  

«Біз қазірдің өзінде 160 қонақүйде қанатқақты режімдегі жүйені енгіздік. Осы жүйенің арқасында кез келген шетелдік турист бөлек тіркеліп, уақытын үнемдей алады. Сол арада шетел азаматы қонақүйде кірген кезде автоматты түрде тіркеуден өтеді», дейді министр орынбасары.

Қазірдің өзінде 105 мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанға электронды визалар енгізілді.

Мәліметтерге сәйкес 30 күнге дейінгі мерзімге келген кезде шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды және көші-қон карточкалары да жойылды. Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту басталды. Сондай-ақ шетелдік әуекомпаниялардың еліміздің 11 қаласына ұшып келіп, жолаушыларды алып кетуі үшін оларға Open Sky режімі іске қосылған.