Біліктілікті арттыру, әскери ғылым саласында зерделенген тақырыптарды қайталау және «Тактик» оқыту курсы барысында жас офицерлерге жаңа тақырыптарды меңгеру мүмкіндігі ұсынылды.
Болашақта өз әскери қызметінде жас офицерлер бір саты жоғары көтеріледі және қазір оларға білім деңгейін көтеру қажет. Сондықтан соғыс қимылдарын жоспарлау мен жүргізуде жаңа көзқарас пен терең білім талап етіледі. Бұл ретте әскери университетте оқығанның бәрін еске түсіру, оқу курсынан өту және аға офицерлердің тәжірибесін қабылдау артық болмайды.
Бұл «Тактик» курсын өткізудің мақсаты офицерлерден бұрын алған білімдерін қалыптастыру және бекіту, оларды жалпы әскери ұрыс жүргізудің жаңа әдістемелерімен таныстыру, қазіргі заманғы жауынгерлік процесті тиімді ұйымдастыруға және сеніп тапсырылған бөлімшенің жауынгерлік мүмкіндіктерін шебер пайдалануға үйрету болып табылады.
Институттың басшылық және оқытушылық құрамы қатарынан жоғары кәсіби мамандар взвод командирлерін шешім қабылдауды, жауынгерлік міндеттерді қою тәртібіне, жағдайды бағалай білуге және өзара іс-қимылды ұйымдастыра білуге үйретеді.
– Маған «Тактик» курсынан өту мүмкіндігі берілгеніне қуаныштымын. Біздің оқытушыларымыздың әскерлерде қызмет етуінің практикалық тәжірибесі мол және олардың кеңестері мен нұсқаулары біз үшін құнды. Олардың көмегімен мен көптеген жаңа пайдалы білім алдым, - деп курс тыңдаушысы аға лейтенант Асан Әшім атап өтті.
Курс тыңдаушылары оқудың соңында негізгі пәндер бойынша кешенді емтихандар тапсырады.