Әлем • 19 Ақпан, 2021

Техас штатында ауа райы күрт суытып, 37 адам көз жұмды

2735 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та ауа райының күрт нашарлауынан Техас аймағы біршама зардап шегіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Техас штатында ауа райы күрт суытып, 37 адам көз жұмды

Бүгінде техастықтар азық-түлік алу үшін ұзын сонар кезекте тұрады. Жергілікті ақпарат көздері хабарлағандай, ауа райының күрт суытуынан және қалың қардың әсерінен 7 млн-ға жуық адам тұщы суға зәру болып отыр. Неге десеңіз, үйлерде құбырлар жарылып, көшелерде бәрі қатып қалған.

Өкінішке қарай, штат бойынша 37 адамның біразы үсіктен, енді бірі жылыну кезінде көміртегі тотығымен уланып қайтыс болған.

Осыған байланысты АҚШ президенті Джо Байден Техаста төтенше жағдай жариялады.Қатты аяз бен мұзданудан жылу мен электр стансалары істен шыққан. Екі миллионға жуық тұрғын электр қуаты мен жылусыз отыр. Басым көпшілігі көліктерінде түнеп жүр.

Хьюстон қаласының мэрі Силвестр Тернер өзінің Twitter парақшасында аурухана қызметкерлері мен штаттың басқа тұрғындары қажет суды үнемдеуді сұрады.