Президент • 19 Ақпан, 2021

Clubhouse әлеуметтік желісінде ҚР Президентінің атынан жалған аккаунттар ашылған

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Clubhouse әлеуметтік желісіндегі аккаунтына қатысты ақпаратқа жауап берді. 

Clubhouse әлеуметтік желісінде ҚР Президентінің атынан жалған аккаунттар ашылған

- Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Twitter-де @TokayevKZ және Instagram-да @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді, -  деп жазды ол Facebook-те.