26 Желтоқсан, 2013

Атырау әуежайында жолаушылар шу шығарды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 12-Atyrau AirportАтырау облысының әуежайында 80 жолаушы сергелдеңге түсті. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Bek Air әуе компаниясының ұшағы Атыраудан Алматы қаласына таңғы сағат 10-да ұшуы тиіс болатын. Алайда, белгіленген мерзімде ұшақ көкке көтерілмеген. Мұның себебін жергілікті әуе компаниясы жолаушыларға түсіндірмеген де екен. Шыдамы таусылғандардың бірсыпырасы үйлеріне кетіп қалыпты. «Мен не істерімді білмей тұрмын. Ақшам да қалмады. Жолаушылардың арасында ертең Алматы арқылы Ресей, Өзбекстан мен Қытай еліне ұшатын азаматтар да бар»,-дейді Алтын Зиябдинова.

Қазір барар жері жоқ жолаушылар әуежайда ұшақты сарғая күтіп отыр. Араларында бүлдіршіндер де бар екен. Ақшасы барлары қымбат рейстерге билет сатып алған көрінеді. Жолаушылардың айтуы бойынша, әуе компаниясы осы уақытқа дейін оларға медициналық көмек көрсетпеген.

Бізге келіп түскен соңғы ақпаратта әуе компаниясының таңға дейін жолаушыларға жатын тауып беруге уәде бергені жазылған. Бірақ, ондағы дау-дамайдың әзірге басылар түрі жоқ.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz».

Фото: Wikipedia.org

Соңғы жаңалықтар