Спорт • 22 Ақпан, 2021

Балуан атындағы бұрыш

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аты аңызға айналған балуан Жақсылық Үшкемпіров бүгінгі Байзақ ауданының Дихан ауылында дүниеге келген. Шағын ауылдан шыққан спортшы осыдан қырық бір жыл бұрын Мәскеу Олимпиадасында топ жарып, қазақ атын әлемге әйгіледі.

Балуан атындағы бұрыш

Өткен жылы дүниеден өткен балуанның есімі мәңгі ел есінде. Қаршадай кезінен күреске өмірін арнаған даңқ­­ты тұлғаның рухын ұлық­­тау мақсатында туған же­­рінде бірқатар жұмыс атқа­­рылуда.

Жуырда Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде Жақсылық Үшкемпіров атын­­дағы бұрыш ашылды. Мұнда келушілер балуан өмі­рінің түрлі кезеңдерімен таныса алады. «Жаңадан ашыл­ған ар­найы бұрышқа әй­гілі ба­луанның жеке заттары, фото­суреттері, кітаптары қо­­йыл­ған. Жәдігерлердің ішінде Жақсылық ағамыздың алғаш жарыстарға шыққан кезде киген ақшыл-сұр түсті кос­тюм-шалбары да бар. Спорт­шының осы және өзге де тұтынған заттарын ерек­ше қы­зығушылықпен та­ма­шалай­тын музейге келуші көпшілік жастар батыр жолын жал­ғастырғысы ке­ле­тінін айтады», дейді му­зей­дің қор сақ­таушысы Ай­дана Шот­басова.

Бүгінде балуан туған өңір­де Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебі бар. Аталған кешенде сан мың­даған ұл-қыз спортпен шұ­ғыл­данып, биік ареналар­да еліміздің атын танытып жүр. Балуанның жолын жал­ғас­тырушы жастар үшін мұн­да барлық мүмкіндік қарас­ты­рылған.

 

Жамбыл облысы