27 Желтоқсан, 2013

Ауылдағы әлеуметтік нысандар тұрғындардың еңсесін көтермек

773 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облыс орталығынан таяқ тас­там жердегі Ұлан ауданының экономикасы уақыт өткен сайын дамып, әлеуметтік ғимараттар бой көтеруде. Жақында, Тұңғыш Президент күні аудан орталығы – Қасым Қайсенов атындағы кентте аудан әкімі Айдос Садықов жұртшылықпен кездесті, орта­лық алаңда жәрмеңке өтіп, ет, сүт өнімдері арзан бағамен сауда­ланды.

Облыс орталығынан таяқ тас­там жердегі Ұлан ауданының экономикасы уақыт өткен сайын дамып, әлеуметтік ғимараттар бой көтеруде. Жақында, Тұңғыш Президент күні аудан орталығы – Қасым Қайсенов атындағы кентте аудан әкімі Айдос Садықов жұртшылықпен кездесті, орта­лық алаңда жәрмеңке өтіп, ет, сүт өнімдері арзан бағамен сауда­ланды. Кездесуде Айдос Қабдуа­хи­тұлы жыл басынан бері 25 миллиард теңгенің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің шыға­рылғанын айта келіп, жақын­да «Қолжетімді баспана» бағ­дар­­­ламасы бойынша 80 пәтерлік тұрғын үйдің іске қосылатынын, іле-шала 100 пәтерлік тұрғын үйдің салынып бітетінінен хабардар етті. Украинка ауылында 1000 бастық бордақылау алаңы, Айыртау ауы­лында да осындай алаң іске қосы­латынын айта кетті.

Түстен кейін Айыртау ауылдық округінің Завидное ауылында екі әлеуметтік нысанның салтанат­ты ашылуы болып өтті. Оған ауыл, аудан ардагерлері қатысты. Гүл­мира Нұрханова ша­ғын несие алып, әлеуметтік дүкен ашыпты. Ондағы баға арзан, мәсе­лен, бір бөлке нан 40 теңге, бір кило жоғары сортты ұн 56 теңге тұра­­­­­ды. Сондай-ақ, шекілдеуік майы, қант, басқа да тауарлар қала дүкендеріндегі бағамен бірдей. Ауыл тұрғындары қуанышты. Енді керегімізді облыс орталығына бармай-ақ, әлеуметтік дүкеннен сатып алатын болдық, дейді олар.

Аудан әкімі Айдос Садықов әлеуметтік дүкеннің ашылуымен құттықтап болған соң дүкенге кірді. Шағын, жинақы дүкенде қажетті заттардың барлығы бар.

Бұдан кейін жиналғандар 80 орындық дәмхананың ашылуына қатысты. Ерлі-зайыпты Жұмабек, Бақытжан Рағызбаевтар «Даму» бағдарламасы бойынша 1 миллион теңге несие алып, дәмхананы іске қосқан. Оның ашылу салтанатында аудан әкімі, ардагерлер Надежда Федорова, Зияда Уәлиева сөз алып, бұрындары ауылда дәмхананың болмауынан той-томалақ жасаудың қиындық туғызып келгенін айтып, енді осы мәселенің шешілгендігіне ризашылығын білдірді.

Айта кету керек, мұның алдында ауылдың тағы бір кәсіпкері Сұлухан Ағзамова 70 орындық жекеменшік балабақша салып берген екен. Балабақшасы, әлеуметтік дүкені мен дәмханасы бар ауылдан басқалар үлгі алып жатса, қанеки.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы.

Суретте: Завидное ауылын­­да­ғы әлеуметтік дүкеннің ашылу салтанаты.

 

Соңғы жаңалықтар