Аймақтар • 22 Ақпан, 2021

Серікбол Қондыбайдың екі кітабының тұсауы кесілді

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы Серікбол Қондыбай мемориалдық музейінде ғалымның еңбектері желісі бойынша екі бірдей кітаптың тұсаукесері өтті. Олар - 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы мен Ұлы дала өркениеті» және «Серікбол Қондыбай зерттеулерінің ғылыми-танымдық тұжырымдамасы». Шараға кітап авторлары, серікболтанушылар мен өлкетанушылар қатысты.

Серікбол Қондыбайдың екі кітабының тұсауы кесілді

Айта кетейік, Серікбол Қондыбай -  географ, өлкетанушы, тарихшы және тұңғыш мифолог. «Маңғыстау географиясы», «Гиперборея түс көрген заман шежіресі», «Есен қазақ», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Арғықазақ мифологиясы» атты еңбектердің авторы. Ол - Қазақстанда мифтік лингвистикалық мектептің негізін салушылардың бірі. Ол осы жолда мифтік деректер мен мифологиялық нышан-символдарды жүйелеудің әдістемесін және әдіснамасын қалыптастырды. Жарық көрген кітаптар ғылыми көпшілікке, оқырман қауымға және магистранттарға арналған оқулық болмақ.