27 Желтоқсан, 2013

Ескіге – жаңа

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алушылар қатары көбейіп келеді

Алматыда «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алушылар қатары көбейіп келеді

Оқырмандар есінде болса, өткен жылы ақпан айында 2012-2015 жыл­дарға арналған Алматы қаласының аумағындағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу туралы қанатқақты бағдарлама қабылданған-ды.

Аталмыш бағдарламаға сәйкес, қаланың 7 ауданында бос жер телімдері табылып, бұл жерлерге көпқабатты тұрғын үйлер салынып, оған ескі бас­паналары бұзылатын тұрғындарды көшіру көзделінген. Қысқасы, «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алушылар қатары көбейіп келеді.

Жақында Алмалы ауданындағы Әйтеке би көшесінің бойында көппәтерлі тұрғын үй жаңадан пай­да­лануға берілді. Қазіргі заман талаптарына сай салынған бұл тұрғын үй кешені аталмыш бағдарлама бойынша салынған.

Қала әкімі Ахметжан Есімов қоныстанушыларды жаңа пәтерлерімен құттықтап, жыл басынан бері қарай ескі үйлерді алмастыратын жаңадан 7 үйдің пайда болғанын айтты. Бұл – қалада осы бағдарлама бойынша жаңа үйлер берілген үшінші аудан.

Биылғы жылы Түрксіб ауданында «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша бес үй, қараша айында Медеу ауданында 72 пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға берілді. 2014 жылы қаланың қалған төрт ауданында 21 үйдің құрылысы аяқталмақ. Алматыда осы жоба бойынша 55 ескі үй бұзылып, олардың тұрғындары жалпы аумағы 27,6 мың шаршы метр болатын жаңа үйлерге көшіріледі.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар