Спорт • 22 Ақпан, 2021

Қазақстанның су добы шеберлерінің қарсыластары анықталды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Нидерландтың Роттердам қаласында осы жылы Токиода алауы тұтануға тиіс Олимпия ойындары бағдарламасындағы ватерполшылар турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның су добы шеберлерінің қарсыластары анықталды

Соған сәйкес Қазақстанның ерлер құрамасы В тобында өнер көрсететін болды. Қарсыластарымыз – Аустралия, Хорватия, Сербия, Испания және Черногорияның су добы шеберлері. Өздеріңіз байқасаңыздар, бұл командалар арасында осалы жоқ. Барлығы да аса ірі халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріліп жүрген мықты әрі тәжірибелі құрамалар. А тобында Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ, Мажарстан, Грекия, Жапония және Италия ватерполшылары өзара күш сынасады. 

Ал әйелдер сайысына қатысатын командалар мынадай топқа бөлінді: А тобы – Аустралия, Оңтүстік Африка Республикасы, Нидерланд, Испания және Канада. В тобы – Ресей, Қытай, Мажарстан, АҚШ және Жапония.