Халық поэзиясындағы жаңа өрлеу оның есімімен тығыз байланысты. Жыр алыбының есімін абыроймен иеленіп отырған Қазақ мемлекеттік филармониясы осы игі бастама негізінде:
- Патриотизмді, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамытуды және жаңа технологиялардың көмегімен жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеуді, кәсіби дәстүрлі музыка әлеміне баулуды;
- Алматыдағы мәдени-ағарту мекемелері мен ұжымдарының өзара арақатынасын және тәжірибе алмасуын ұйымдастыруды, келешекте бірлескен шығармашылық жұмыстар жасауына ықпал етуді;
- Қазақстандық жас өнер өкілдерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал етуді, олардың шығармашылық әлеуетін іс жүзінде іске асыруға жәрдем беруді;
- Қоғамның Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыруды, жыр алыбының баға жетпес ұлттық мұрасы арқылы халықтың рухани деңгейін дамытуды;
- Қазақстандық өнердің жас өкілдері мен еңбек сіңірген қайраткерлерінің қатысуымен, ұлы ақынның туындыларын музыкалық-поэтикалық және театрландырылған іс-шаралар форматында ұсынуды көздейді.
Аталған ауқымды жоба аясында: 22-ақпан күні сағат 19.00-де халықаралық конкурстардың лауреаты, әнші Біржан Бәзілжан мен ҚР мәдениет қайраткері, күйші Ержан Әлімбетовтың дәстүрлі өнер кеші өтеді.
5-18 сәуір аралығында Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының ұйытқысымен Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқудан жасөспірімдер арасында онлайн-байқау жарияланады.
14-сәуір күні 19.00-де Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концерті шымылдығын түрмек.
28-мамыр күні 19.00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттерінің, мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздарының және филармонияның белді солистерінің қатысуымен музыкалық және театрландырылған қойылым өтеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, Филармония фойесінде «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» жыр алыбының шығармашылығына арналған жылжымалы көрмесін кеш қонақтарының назарына ұсынады. Байқау туралы толық ақпарат Филармонияның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланады.
Арман ОКТЯБРЬ,
«Egemen Qazaqstan»