Аймақтар • 22 Ақпан, 2021

Әлеуметтік желі арқылы алдап соқты

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желі алаяқтарға құлашты кеңге сермеуіне мүмкіндік беріп отырғанын мойындауымыз керек. Оған күн сайын дәлел табылып жатыр. Мысалы, 20 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1988 жылы туған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны арызданған.

Әлеуметтік желі арқылы алдап соқты

Ол арызында өткен жылдың қараша айында инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақша арқылы «құндыз тон мен алтын бұйымдар сатамын» дегп жарнама берген Қызылорда қаласының тұрғынына алданғанын мәлімдеген. Жарнама беруші шалғайдағы ШҚО тұрғынының 1 078 000 теңгесін осылайша қағып алған. 

Полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын  жүргізіп, облыс орталығының 1996 жылы туған тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін толықтай мойындады.

Қазіргі уақытта,  аталған дерек  бойынша Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.