Қоғам • 22 Ақпан, 2021

Өз дертін жеңген 12 жасар бала басқаларға көмек көрсетіп жүр

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 жастағы Заурбек Яндиев аяқ кемтарлығымен дүниеге келген. Спортпен айналысып өз ауруын жеңіп шыққан бала осындай маймақтығы бар балаларға көмек көрсетумен айналысып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өз дертін жеңген 12 жасар бала басқаларға көмек көрсетіп жүр

Заурбек жасына қарамай, өз ісін ашып, термо жапсырмалары бар жеңіл жейделер, ыдыстар шығара бастайды. Ол түскен ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа беріп жүр. Жақында ортопед дәрігерлер арқылы маймақтығы бар Бурабай ауданы Кенесары ауылында тұратын 10 жасар Бақтияр Беспайды іздеп тауып, арнайы барып, аяқ киім, өз қолынан шыққан өнімдерін сыйға тартты. Бақтиярдың анасы Әбдіғапарова Рахима ингуш баланың ықыласына разы болып, оның мейірімділігі мен жомарттығына шын жүректен алғысын білдірді.