27 Желтоқсан, 2013

Түркістан – қазақстандық газды тұтына бастаған алғашқы қала

419 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен аптада киелі Түркістан қаласының бір бөлігіне алғаш­қы рет табиғи газ берілді. «Қаз­Транс­Газ» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали: «Осы сәтті Түр­кіс­тан қаласының 240 мыңдай тұрғыны 50 жылдан астам уақыт күтті. Оңтүстік Қазақстан облы­сын газдандыру жұмыстары өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталған екен. Бірақ Түркістан өңірін газдандыру ісі кеңестік кезеңнің өзінде де шешімін тапқан жоқ», деп атап өтті.

Өткен аптада киелі Түркістан қаласының бір бөлігіне алғаш­қы рет табиғи газ берілді. «Қаз­Транс­Газ» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали: «Осы сәтті Түр­кіс­тан қаласының 240 мыңдай тұрғыны 50 жылдан астам уақыт күтті. Оңтүстік Қазақстан облы­сын газдандыру жұмыстары өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталған екен. Бірақ Түркістан өңірін газдандыру ісі кеңестік кезеңнің өзінде де шешімін тапқан жоқ», деп атап өтті.Сонымен, елі­міздің батысынан тартылған қа­зақстандық газды тұтына бас­та­ған оңтүстіктегі алғашқы қала – киелі Түркістан. Бұл жерде кө­гілдір отынды тұтынудың болжам көлемі – жылына 92 млн. текше метрді құрап отыр. Жоба толық жүзеге асқан кезде жақын маңдағы елді мекендерді де газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ іске асырған инвестициялық жоба бойынша 22 шақырым жо­ғар­ы қысымды газ құбыры, 1 ав­томатты газ тарату стансасы мен 2 газ реттеу пункті салынды. Бұл құбырға газ қыркүйекте пай­далануға берілген «Бейнеу–Бозой–Шымкент» магистральді газ құбырынан келеді. Түркістанда көгілдір отынның әлеуетті тұ­ты­нушылары санатына 40,2 мың тұрғын үй және көпқабатты тұр­ғын үйлердегі пәтерлер, 384 коммуналдық-тұрмыстық кә­сіпорындар (дәріханалар, дү­кен­дер және т.б.), 19 емхана, 19 балабақша, 60 мектеп, 215 мемлекеттік мекеме, 70 өнер­кә­сіптік кәсіпорын кіріп отыр.

Түркістан қаласын газдандыру жөніндегі жобаны орындау үлкен экономикалық, әлеуметтік және мәдени маңызға ие. Қала тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ірі туристік және мінәжаттық орталық, рухани астана болып саналады. Түркістан туристерді көптеген тарихи орындарымен тартады. Киелі Түркістанға жыл сайын бір миллионнан астам адам тәу етіп, сапарлап қайтады.

«Аталған жоба газбен жаб­дық­таудың аймақтық схемасына қосылған және оны орындау кіші және орта бизнестің жергілікті кәсіпорындарын дамытуға қосымша мүмкіндік беретіні сөзсіз және түркістандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға үлкен үлес қосады», деп атап өтті Серік Сұлтанғалиұлы.

Түркістан қаласын газдан­дыру жобасын оңтүстік жұртына ауқымды да тындырымды жұмыстарымен танымал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың бас директоры Қ.Шәріпбаев 2011 жылдың күзінде таныстырып, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары бастаған үкіметтік делегация жобаны қолдаған болатын. Енді түркістандықтарға сол кезде берілген уәде нақты іске айналып, үдеден шықты.

Яғни, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бастамасымен жасалған жоба газбен жабдықтаудың ай­мақ­тық схемасына қосылып, «Бейнеу–Бозой–Шымкент» ма­гистральді газ құбыры іске қо­сылғаннан кейін нақты жүзеге асырылып отыр.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.