Аймақтар • 22 Ақпан, 2021

Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі іздестірілуде

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқоңыр қаласында 20-шы ақпан күні 2013 жылы туған екі бала жоғалып кеткен болатын. Екінші сынып оқушылары сол күні күндізгі 10:30 шамасында «Маяк» спорт кешенінен шыққаннан хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі іздестірілуде

Ертесіне бір баланың денесі Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Байқоңыр қалқымалы өткелінен 500 метр қашықтан табылды. Ал екіншісі әлі іздестірілуде. Жалпы іздестіру жұмыстарына 267 адам, 29 техника, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

- Жоғалған екінші баланы өзеннен және қала ішінен іздеп жатырмыз. Одан бөлек кинологиялық қызметкерлер өзен жағалуымен іздеу жұмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстарын жалғастыра береміз, – деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.