Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тұрғындармен биылғы есептік кездесуінде халықты ауыз сумен 100 % қамтамасыз ету басты міндет екенін баса айтқан еді. Соның ішінде Ақтөбе қаласындағы ауыз су тапшылығын жою үшін Елек су қабылдағышын (14 ұңғыма) кеңейтіп, Құндақтықыр су қабылдағышын (8 ұңғыма) қалпына келтіру жұмыстарының басталатынына да уәде берген.

2020 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Ақтөбе қаласы тұрғындарының 99,2%-ы мен ауылдық елді мекендердің 85,7%-ы орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы тұрғындарының саны 550 мың адамға жетсе, орталықтандырылған құбырмен жететін ауыз су үшін жеке тұрғындарға тарифтік мөлшерлеме 1 текше метрге 85,5 теңгені құрайды. Қала тұрғындарының ауыз суды тәуліктік тұтыну мөлшері де жылма-жыл өсіп барады. Мәселен, су тарату желілері арқылы қала тұрғындарына 2006 жылы тәулігіне 62 227 текше метр, 2015 жылы 109 010 текше метр су жіберілсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш тәулігіне 120 мың текше метрге жеткен. Осылайша, қала мен оған қанаттас елді мекендер тұрғындар санының көбеюімен орталықтандырылған құбыр арқылы жететін ауыз суды тұтыну мөлшері де, су сапасына деген сұраныс та өсуде. Мұның өзі қаланың су таратушы желілеріне де едәуір салмақ түсіріп отыр.
Облыс орталығы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған бірыңғай оператор – «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның қалада 1 116 шақырымдық құбыр желісі бар. Монополист 31 тоғаннан жерасты суын жинайды. Соның бірі – 1986-1987 жылы пайдалануға берілген, Ақтөбе қаласынан 45 шақырым қашықтықтағы Алға ауданының аумағында орналасқан Құндақтықыр су тоғаны. Бұл жерден артезиандық тәсілмен жерасты суы ең бірінші рет 1986 жылы алына бастады. Қазіргі күні 200 метр тереңдіктен алынатын жерасты суы резервуарға жиналып тазартылған соң, 45,3 шақырым құбырмен Ақтөбе қаласына жіберіледі. Биыл Құндақтықырдың 8 ұңғысын тазартуға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жер астынан алынатын су көлемі ұлғайтылмақ.
Көп қабатты үйлерге және ғимараттарға жылу беріп, ауыз сумен жабдықтайтын және кәріз желілеріне жауапты бірыңғай операторға айналған «Aktobe su-energy group» АҚ қызметіне тұрғындардың шағымы шілде-тамыз айларында көбейеді. Өйткені жаз ортасында Ақтөбе қаласының шеткі аудандары – Тұрғын үй қалашығы, Ақжар, Бауырластар елді мекендері тұрғындарына су жетпейді. Бауырластар тұрғын үй алабының тұрғындары 10 шақырым Ақтөбе қаласынан бөтелкемен ауыз су таситынын айтып шағынады. Бөшкелеп су сататындар да осы кезеңде төңіректейді.
Облыс орталығындағы Тұрғын үй қалашығы ауданындағы ескі көп қабатты үйлердің жоғары қабаттарына да су көтерілмейді. Жазда Ақжар елді мекенінің тұрғындары да ауыз су тапшылығын сезінеді. Таңертеңгілік және кешкілік сағатпен берілетін су құбырдан сыздықтап қана ағады. Ақтөбе агломерациясына кіретін Ақжар елді мекенінде жерасты суы 4 ұңғыдан қазылса да су жетпей жатыр. Өйткені, су тоғаны 1200 жер учаскесіне арнап салынғанымен, бүгінде мұндағы абонент саны 2 750-ге өскен. Қала әкімі Асхат Шахаров Ақжардағы су тапшылығын жою үшін көктемде қосымша 2 ұңғы қазылады деп сендірді.
«Aktobe su-energy group» су жетіспеушілігін таратушы желілерінің тозғандығымен түсіндірсе, тұрғындардың пікірі басқаша. Жұртшылық қаладағы су жетіспеушілігіне ауыз суды бей-берекет пайдаланып жатқан кәсіпкерлік нысандары кінәлі дейді. Соның ішінде Ақтөбедегі монша, сауна, көлік жуатын орындар шаруашылық қызметтерінде техникалық суды емес, құбырмен келетін ауыз суды шектен тыс мөлшерде пайдаланып отыр. Оларды ешкім бақылап жатқан жоқ. Өйткені кәсіпкерлер қызметін тексеруге мораторийдің жариялануы да қолбайлау болып тұр. Осыдан үш жыл бұрын жергілікті билік кәсіпкерлік нысандарынан техникалық суды пайдалануды талап ете бастаған болатын. Ол үшін әр нысан өз аумағында ұңғы қазып алсын деген шешім шықты, бірақ қазір арты сұйылды. Қазіргі кезде көлік жуатын орындар, қоғамдық монша-сауналар техникалық мақсаттағы суды пайдалануға асығар емес. Осылайша орталықтандырылған ауыз суды бей-берекет қолданудың соңы су тапшылығына әкеліп отыр. Қаланың жасыл желегін суаруға техникалық суды пайдалану жөніндегі жоба да аяқсыз қалды.
Бүгінде қала іргесіндегі Сазды, Песчанка, Қарғалы, Елек өзендері арналарының төмендеуінен жерасты тұщы су қоры едәуір азайды. Оның үстіне, соңғы 15 жылдан бері жерасты су көздерінің қоры зерттелген емес. Бұл туралы 2006 жылы жасалған қаланың бас жоспарында ғана айтылады. Осы жоспарда Ақтөбені сумен қамтамасыз ететін тұщы су көзі «Електің оң жақ жағалауы мен сол жақ жағалауындағы су тоғандары, Тамды су тоғаны, Жоғары Қарғалы сол жақ жағалау су тоғаны және Құндақтықыр су тоғаны» деп көрсетілген. Содан бері жер беті мен жерасты су көздерінің қорғалуы, оның қазіргі жағдайы туралы гидролог мамандардың толық зерттеуі жүргізілген емес. Ақтөбе облысындағы жер беті және жерасты су көздерін қорғауға тікелей жауапты «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» мекемесінің Ақтөбе аумақтық бөлімі мен «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының жұмысы туралы ешкім білмейді, бұл мекеменің мамандары өзен-көлдердің қазіргі жағдайын айтып, жерасты су көздерінің ластануы мен қорғалуы туралы мәселе көтеріп, жұрт алдына шығып көрген емес.
Облыс орталығындағы орталықтандырылған су, кәріз желілерінің ескіруі кәріздік сорғылардың қызметін қайта жабдықтауға деген қажеттілікті туғызып отыр. Қолданыстағы коллекторлар мен кәрiздiк сорғы бекеттерінің жай-күйі, оған жалғасқан кәріз құбырларын қайта жаңғырту, пайдаланылған лас суларды биологиялық тазалау арқылы қайта өңдеу – кезек күттірмейтін маңызды шаруалардың бірі. Жергілікті табиғат жанашырлары мен экологтардың мәлімдеуінше, Ақтөбе қаласын ең бірінші ластаушылардың қатарында әбден тозған кәріздік желілері тұр.
АҚТӨБЕ
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Ұқсас жаңалықтар