Кезінде өнер жолын Алматыдағы опера және балет театрында бастап, ұлттық өнерімізді дамытуға бір кісідей үлес қосқан, ал одан кейінгі жерде алдымен көш бастап Астанаға қоныс аударған, Елбасының үндеуіне орай бірқатар жыл туған жерінде, яғни еліміздің шығыс өңірінде қызмет еткен республикамыздың еңбек сіңірген әртісі, профессор Кенжеғали Мыржықбаев жөнінде ел газеті «Егеменде» аз айтылып, аз жазылған жоқ.

Кенжеғали қайда жүрсе де Абай әндерін насихаттаудан танған емес. Оның репертуарынан берік орын алған «Абай және Пушкин» атты арнайы бағдарламасын елімізбен бірге көршілес Ресей мемлекетінің көрермендері де қызыға тамашалады. Кенжеғали шығыс өңірінің мәдениет саласына басшылық жасап тұрған шағында облыстың мәдени ошақтарына, соның ішінде Абай еліндегі атақты «Қаламқас» халық ансамбліне үлкен қамқорлық таныта білді. Ал өткен жылы сол аталған ансамбльдің құрылғанына қырық жыл толғанда өзі бүгінде қызмет жасап жатқан Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басшылығына септесе жүріп, «Қаламқастың» Елордадағы тамаша өнер сапарына ұйытқы болды.
Соның бәрін ескергендіктен болар жуырда Абай аудандық мәслихатының депутаттары әнші-профессор Кенжеғали Мыржықбаевқа «Абай ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы бірауызды шешім қабылдады. Соған орай әншінің өзі ұлылар елінің құрметті азаматы атану мен үшін үлкен құрмет деп отыр.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.
Шығыс Қазақстан облысы.