Еуразия кеңістігін мекендеген түркі халықтарына кең тараған, әсіресе, қазақ, ноғай, башқұрт, татар, қарақалпақ, өзбек жұрттарына мәшһүр Алтын Орда заманының шарайнасы іспетті, қазақтың классикалық батырлық эпосы «Едіге батырдың» отыз шақты нұсқасы бар.

Атап айтар болсақ, 1842 жылы Жұмағұл мен Арыстанбай ақыннан жазылып алынған Шыңғыс пен Шоқан Уәлихановтар нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте жарық көрген Әбубәкір Дибаев нұсқасы, 1927 жылы Мәскеуде жарияланған Қаныш Сәтбаев нұсқасы, 1933 жылы «Қазақстан» баспасында басылған «Батырлар жыры» жинағына Сәкен Сейфуллин ұсынған нұсқа, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп, Мұрын жырау, Нұртуған жырау, қарақалпақ халқының нұсқасы бар.
Ел аузындағы:
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен –
дейтін, немесе Едігенің атынан:
Мен түнерген қара бұлтпын,
Нөсерлеп жаумай ашылман!
Еңсеме емен шоқпар
Біткен бір ермін,
Еліңді шаппай басылман! – деген. Ноғай Ордасын билеген Едіге батыр турасындағы телегей қазақ-ноғай жырларында эпикалық әсірелеу мен ертегілік, аңыздық-әпсаналық сарындар жеткілікті. Сандаған ғасырлардан бері халықтың тарихи санасын тереңдетіп, көркемдік дүниетаным жүйесін, әдеби тілін көркейтіп келе жатқаны даусыз.
Халық жыршыларының төгілтіп, тамылжытып, шынайылықпен айтқан батырлар туралы әңгімесі тұтас бір ұлтты, ұрпақты рухани сұлулыққа бөлеп тәрбиеледі. Бұл ретте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Батырлар әңгімесінің құны қандай деген мәселеге келсек, мұнда айту тиіс: бұрынғы жаугершілік заманда халық – тән есебінде болғанда, батырлар – жан есебінде болған. Сондықтан батырлар турасындағы әңгіме – халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме» – деп жазады (А.Байтұрсынұлы Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы, 2013. 370-бет).
Едіге батырдың ғұмыр кешкен географиялық ортасы – Еділ бойыңдағы шығыс бөлігін иемденген Ноғайлы жұрты. Ал Еділдің оң жақ тұсы яғни батысында Тоқтамыс ханның ордасы тігілген.
1399 жылы Ер Едіге Тевтон ордені рыцарлары мен Литва-Польша әскерлерінің қуатты жасағын быт-шыт етіп талқандаған.
Негізінде, Ноғай ордасын билеген Едіге – Алтын Орда мемлекеті тарихындағы айбарлы тұлға. Едіге заманында қият, керей, маңғыт, қоңырат, қыпшақ, қаңлы, кенегес, үйсін, найман, арғын, шырын сияқты ру-тайпалар Ноғай этностық құрамын құрағаны белгілі.
1399 жылы Ворскла (Борсықты) өзеніндегі алапат шайқаста Едіге Тоқтамыс ханды биліктен тайдырады. Ол Қырымға, сонан соң Литваға қашады, оны ұлы князь Витовт қабылдайды.
Оңтайлы сәтті пайдаланып, Алтын Орданы уысына түсіру мақсатында Витовт 1) Линка (Литва) мен Польша әскерін, 2) батыс, орыс князьдарының әскерін, 3) Тевтон орденінің рыцарларын біріктіріп, басын қосып жорық бастайды. Бұлар Ворскло өзенінде Алтын Орда әскерімен беттеседі.
Витовт Құтлық ханға: «Жаратушы мені жиһанға әмірші етті, сен де маған бағын, бас іи, бала бол, мен әкең болайын, әйтпесе құлым боласың», дейді.
Едіге мұны естіп, Витовтты өзен жағасына шақыртады.
Едіге Витовтқа: «Ұлы Орданың ханын бала қылып бағынуға икемдейсің. Рас, Темір-Құтлықтың жасы сенен кіші, бірақ мен – Едіге, сенің жасың менен кіші. Кел, сен маған бала бол, бас іи, алым-салық төле, еліңдегі барлық теңгеге Орданың таңбасын соғатын бол!» – деп, ойын шегелеп айтады.
Соғыс өрті осы мезетте тұтанады. Витовт оңбай жеңіледі. Атақты князьдар мен әскербасылар ажал құшады. Осы бір жеңістен соң, Алтын Орда еңсесін тіктейді. 1405 жылы Ақсақ Темір өлген соң, Едіге Сыр мен Хорезмді қаратады. Едіге 1405 жылы Мәскеуге жорық жасайды, бағынышты етеді, алым-салық алады. Едіге ішкі және сыртқы саясатта да алғыр. 1399-1400 жылдары ақша реформасын жасайды, «Төре», «Жасақ» дейтін құқықтық жүйелерді енгізеді.
Едіге Алтын Ордадағы билікті 1410 жылға дейін мықтап ұстайды.
1412 жылы Сарайдағы билікті Тоқтамыс баласы Жәлелиддинге бұйырды. Хан тағына отырды. Едіге өз ұлысына оралады.
Едіге 1416 жылы Витовтпен тағы соғысып, Литва жерін ойрандайды, Киевті өртейді.
Едігенің осы бір қаһармандық қимылдары жырда нақты көрініс бергендей:
Мен, мен дүрмін, мен дүрмін,
Менменсіген мінезден,
Тәуба қылған ер дүрмін.
Досымның отын сөндірмен,
Дұшпаным отын жандырман.
Өзім демес нәмартқа
Шаңқан боз ат міндірмен.
Асылын сұрамай ас бермен,
Атасын сұрамай дос қылман...
Тауға ұялар сұңқармын,
Тау бөктерлей шүйермін,
Тұрлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өрермін.
Бұйырғыннан ащымын,
Шәрбат құйсаң тұщымын.
Буыршыннан қаттымын,
Бұйдаласаң шөге алман.
Бурылша аттан асаумын,
Бұғалық салсаң тоқтаман...
Я болмаса:
Қарағайдан берік біткен терекпін,
Басымнан дауыл ұрса теңселмен,
Қарағайға қайнап біткен бұтақпын,
Балталасаң айырылман.
Еменге айыр біткен бұтақпын
Еңкейіп келсем оңдырман...
Садақ толы сары жебе,
Саудыратып төккенмін.
Атанға тартсаң ауырмын,
Таразыға тартсаң тең дүрмін.
1406 жылы Тоқтамыс хан Сібір аймағындағы Түмен жерінде Едігенің қолынан қаза табады.
1419 жылы Тоқтамыстың баласы Қадірбердімен болған соғыста Едіге оңбай жараланады, Қадірбердінің өзі бұл шайқаста қаза табады. Қансыраған Едігені Тоқтамыс әулетінің бір әмірі шауып өлтіреді.
Жәлелиддин Ворскла шайқасында Витовтпен тізе қосып, өз еліне қарсы соғысқан, жеңіліп Литваға қашқан. Жәлелиддин 10 жыл өткен соң, Полон – Литвания бірлестігі мен Тевтон ордені арасындағы ғаламат соғысқа 30 мың әскерімен қатысып, 1410 жылғы атақты Грюнвальд шайқасында немістердің біржола талқандалуына мүмкіндік тудырған (Длугош Ян. Грюнвальдская битва. М., - Л., 1962. с.57, 90, 102, 180, 198; Лэн-Пуль. Мусульманские династии. СПб., 1899. с.189, 193; Мағауин Е. Ел қамын жеген Едіге. Жыр мәтіні және зерттеу. – Алматы: Атамұра, 1996. 58-59, 64-65, 67 беттер).
Жинақтай айтқанда, Едіге батырдың тарихи һәм көркем тұлғасы міне, осындай. Бұл ретте күні бүгінге шейін беймәлім академик Қажым Жұмалиевтің 1943 жылдың 15 маусымында ұсынылған, яғни Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған «Рукопись драмы Х.Джумалиева «Едиге батыр», драма 4 актах, 6 картинах» дейтін қолжазбасын (Қор 1778, тізбе 1, іс 218, 67-бет) айтуға болады.
Серік НЕГИМОВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • Бүгін, 22:52
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • Бүгін, 22:25
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 21:27
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • Бүгін, 20:54
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • Бүгін, 20:25
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • Бүгін, 19:51
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • Бүгін, 19:27
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • Бүгін, 19:00
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 18:51
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • Бүгін, 18:46
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • Бүгін, 18:44
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • Бүгін, 18:40
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • Бүгін, 18:39
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • Бүгін, 18:25
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • Бүгін, 18:23
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • Бүгін, 18:03
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам өлім аузынан қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:55
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • Бүгін, 17:50
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • Бүгін, 17:34
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 17:30
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:24
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • Бүгін, 17:16
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Оқиға • Бүгін, 17:13
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 16:59
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Қазақстан • Бүгін, 16:59
Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді
Қазақстан • Бүгін, 16:54
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 16:49
Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова
Руханият • Бүгін, 16:44
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • Бүгін, 16:41
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • Бүгін, 16:36
«Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі – Дархан Қыдырәлі
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі қалай жаңартылды?
Қоғам • Бүгін, 16:32
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
Елімізде гемофилиямен ауыратын науқастардың саны артып барады
Медицина • Бүгін, 16:26
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • Бүгін, 16:22
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Қоғам • Бүгін, 16:14
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Шөкеев: Түркістан – бауырлас елдерді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бағдар болуы тиіс
Қазақстан • Бүгін, 16:10
Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді
• Бүгін, 16:08
Түркістанға келушілер саны 3,5 млн-ға дейін ұлғаяды – Ақтоты Райымқұлова
Қоғам • Бүгін, 15:52
Алматыда құны 66 миллиард теңгеден астам 5 мыңнан аса пәтер салынды
Қазақстан • Бүгін, 15:24
«Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық конференция басталды
Руханият • Бүгін, 15:00
Алматыда 12 600 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп салынады
Білім • Бүгін, 14:57
Ақтөбеде жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:27
БҚО-да карантин талаптарын бұзғандарға 4,2 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:58
Тұтынушы үшін дәрілік нұсқаулықтардың түсінікті болуы маңызды
Медицина • Бүгін, 13:40
Қазақстан Ұлттық Банкі мен ХВҚ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Экономика • Бүгін, 13:28
Эльдар Уркумбаев Массачусетс технологиялық институтының грантына ие болды
Білім • Бүгін, 13:13
Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады
• Бүгін, 13:00
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Бүгін, 12:45
Мемлекет басшысы ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:43
Солтүстік Қазақстанда орман өртімен күресетін мекемелердің дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Елорда • Бүгін, 12:25
Арнайы өкіл: Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру үшін өңірлік ынтымақ керек
Әлем • Бүгін, 12:10
Сенаторлар ұлттық қауіпсіздіктің жұмысын жетілдіру мәселесін талқылады
Парламент • Бүгін, 12:07
«Nur Otan»-да 600 жас депутаттан тұратын корпус құрылды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Президенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі
Президент • Бүгін, 11:59
Астық егу науқаны мамыр айының ортасында басталады
Қоғам • Бүгін, 11:44
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Солтүстікте су деңгейі көтеріліп келеді
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Президенттің өкімімен бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:20
Алматыда 100-ден астам көшенің аты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 11:12
Қазақстандық каратэшілер Парижде екі қола жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:10
Ұқсас жаңалықтар