Қоғам • 23 Ақпан, 2021

Елімізде тұрғынүй кезегіндегілердің саны 548 мыңға жеткен

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында елімізде тұрғынүй кезегіндегілердің саны 548 мыңға жеткенін айтты. Сондай-ақ баспанаға мұқтаж топтарға арендалық баспапаның шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылуы мүмкін екенін алға тартады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде тұрғынүй кезегіндегілердің саны 548 мыңға жеткен

«Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын 50 мыңға дейін өсуде және бүгінгі күні 548 мың адамды құрайды. Кезектегі көпбалалы отбасыларды, жетім балаларды, мүгедек балалары бар отбасыларды және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарын табысы үйдегі әр адамға шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда тұрғын үймен қамтамасыз ету жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Мемлекеттік  қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және басқа да кезекте тұрған азаматтардың табыс көлемі ең төменгі бір күнкөріс деңгейінен жоғары болса, жаңа тұрғын үйге жеңілдетілген қарыз алу арқылы қол жеткізетін болады», деді министр.