Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Қызылордада «Басшылар байланыста» жобасы басталды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті облыс әкімдігімен бірлесе отырып, «Басшылар байланыста» жобасын бастады.

Қызылордада «Басшылар байланыста» жобасы басталды

Жоба аясында мемлекеттік қызметтерді көрсетуші мекеме басшыларының тұрғындарға қызмет көрсету күндері ұйымдастырылып, жеке қабылдаулар өткізіледі.

Жобаның алғашқы «Қызмет көрсету күні» шарасы департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисеновтің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының директоры Айдын Қайруллаевтың қатысуымен өткізілді.

Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен шара барысында тұрғындардың басым бөлігі денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мерзімдері туралы сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Департамент басшысы Р.Бисенов пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазылов осындай қабылдауларды алдағы уақытта медициналық ұйымдарда өткізуге уағдаласты.

«Басшылар байланыста» жобасы шеңберінде жыл көлемінде аймақтағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуші 20 мекеме басшысының қатысуымен осындай шара ұйымдастырылады.