Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Алматыда туберкулезға шалдығу 42,8 пайызға азайды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мегаполисте туберкулез бойынша негізгі эпидемиялық көрсеткіштердің төмендегені байқалады, соңғы 5 жыл ішінде сырқаттанушылар көрсеткіші 42,8% - ке, туберкулезден болатын өлім-жітім 68,7% - ке, туберкулездің таралуы 48,7% - ке, балалар арасында сырқаттанушылық 55,7% - ке төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда туберкулезға шалдығу 42,8 пайызға азайды

Туберкулездің бактерия бөлусіз түрімен ауратын науқастарды амбулаториялық емдеу кеңейтілді. 2020 жылы МСАК (медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсету мекемелері) жағдайында бактерия бөлмейтін бастапқы амбулаториялық емдеумен қамту 73,2% құрады.

Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бағытталған емделушілер сәтті жүргізілуде: бейне бақылау емі әдісімен 338 туберкулезбен ауыратын науқас емдеуді аяқтады (65,0%); жеке автокөлік бөліне отырып 7 мобильді топ ұйымдастырылып 2020 жылы 1117 адам ем алды.

ФО базасында короновирус инфекциямен пандемия кезеңінде 13 ақпан 2020 жылы 300 провизорлық төсек орын және 12 сәуір 2020 жылы 250 инфекциялық төсек орын кеңейтілді. 2020 жыл 10 қыркүйекке дейін1333 КВИ науқастары және 848 науқас провизорлық бөлімшеден емделіп шықты.

КВИ+ТБ 2020 жылы 5 жағдай болды.
КВИ+ТБ 2021 жылы 3 жағдай анықталды.

23.12.2020 жылдан бастап ФО 200 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесіне қайта аударылды, стационарданға 566 науқас түсіп, 445 пациент шықты.