Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Суицидтің алдын алу бойынша семинар өтті

684 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде – Ақтау қаласының тергеу изоляторында жазасын өтеуші оқшауланған аймақтағы сотталғандарға арналған психологиялық тұрғыда семинар жиналыс өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Суицидтің алдын алу бойынша семинар өтті

Семинар жиналысқа ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Есболат Аглепесович Сузакбаев төрағалық етті.

Сонымен қоса Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының» дін мәселелері бойынша теолог маманы Жәнібек Рызағалиұлы Құрбанов пен «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының теолог маманы Тыныштықов Асланбек Сағынайұлы шақыртылды.   

ГМ-172/10 мекемесінің арнайы контингенттер арасында әлеуметтік психологоиялық тәрбие жұмысы бөлімінің инспектор психологы әділет аға лейтенанты Токжан Жиембаева өзінің дайындаған видео-роликтерін көрсетті.     

Әрі қарай Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының» дін мәселелері бойынша теолог маманы Жәнібек Рызағалиұлы Құрбанов сотталғандарға суицид тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді атап айтқанда, «Суицид» латын тілінен алынған «Өзін өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқының бұзылу формасының ең шегі болып табылады. Осындай мәселенің біздің елімізде де проблемалық мәселе болып тұрғанын сөзге тиек етті. Мәселен суицид бойынша елеміз әлемде 9-шы орында тұрғанын айтып мұндай жағдайларға бармай барынша сабырлы болуға шақырды.          

«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының теолог маманы А.Тыныштықов сотталғандарға жігер беретін Құран аяттарынан, хадистерден мысал келтіріп, қанатты сөздерімен суицидті болдырмау барша мұсылманға міндет және шариғат тұрғысында өте үлкен күнә екенін түсіндірді.

Сөз соңында ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Е.Сузакбаев семинарға қатысқандарға алғысын білдіріп, осындай  іс-шаралар алдағы уақытта жазасын өтеуші сотталғандарға тұрақты түрде өткізілетіндігін айтты.