Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Ержан Бабақұмаров ЖОО басшыларымен жатақхана құрылысы жөнінде жиын өткізді

97 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында студенттерге арналған жатақханалардың құрылыс мәселелеріының қаралып, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта мегаполис аумағындағы ЖОО ректорларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ержан Бабақұмаров ЖОО басшыларымен жатақхана құрылысы жөнінде жиын өткізді

«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы қаралды. Басты міндет – студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету.

Алматыда 6 жатақхана пайдалануға берілді, 2 нысанға құрылыс жүргізілуде, аяқтау 2022 жылдың басында жоспарлануда. Сонымен қатар, 30 жатақхана құрылысы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жаңа нысандарды салу үшін барлығы 22 жер учаскесі анықталды. Жалпы, Алматыда жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 16 мыңнан астам төсек-орын құру жоспарлануда.

Кеңеске Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Халықаралық бизнес университеті (UIB), Каспий қоғамдық университеті, Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы технологиялық университетінің басшылығы қатысып, сөз сөйледі.

Көтерілген мәселелерге қалалық Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов, Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары О.Төлебаев түсініктеме берді.

Кеңес қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров тиісті басқармаларға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын ескере отырып, жатақханалар салу жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ рәсімдік мәселелерді жеделдету және жоспарланған объектілерді уақтылы және сапалы пайдалануға беруді қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетейік, жатақхана құрылысы инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асып отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімдеріне сәйкес, нысан пайдалануға берілгеннен кейін 8 жыл ішінде инвесторлар үшін инвестициялардың қайтарымы регламенттелген. Осыған байланысты пандемия және инвесторлардың экономикалық қиындықтары жағдайында құрылыс мерзіміне өзгерістер енгізілді.