Әлем • 24 Ақпан, 2021

Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz

Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) Криштиану Роналдуның ғасыр тарихында мыңнан астам матч ойнаған жалғыз футболшы екенін мәлімдеді. Ол жалпы алғанда 1047 рет алаңға шыққан.

Рейтингтің екінші орнында «Реал Мадрид» пен Испания құрамасының экс-қақпашысы Икер Касильяс тұр. Қақпашы ХХІ ғасырда 974 кездесуде ойнады, бірақ ол ХХ ғасырда тағы 74 матч өткізген. Барлық матчті есептесек, Касильяс Роналдудан (1048) бір рет қана алаңға артық шыққан.

Ал IFFHS рейтингтегі үшінші орынды Сан-Паулу қорғаушысы Дани Альвес еншіледі. Ол жалпы 969 матч өткізген. Ал қалған ондықты мына тізімдегілер қорытындылайды.

Төртінші-оныншы орындарда:

Хави (937 матч және XX ғасырдағы 80 матч),

Ясухито Эндо (909 және 84 матч),

Златан Ибрагимович (907 және 9 матч),

Рожерио Сени (904 және 310 матч),

Лионель Месси (902 матч),

Джанлуиджи Буффон (852 және 212 матч),

Хавьер Занетти (717 және 383 матч).