Бұл үшін «Құлсары», «Мақат», «Жаңақала» компрессорлық стансаларында жедел ауыстырып қосу жүргізілді, бұл газ ағындарын «Орталық Азия – Орталық» магистралінен «Союз» және «Орынбор – Новопсков» газ құбырларына қайта бағыттауға мүмкіндік берді.
«ҚазТрансГаз» АҚ жұмыскерлері тез қабылдаған шаралар Батыс Қазақстан облысында 28 газ тарату стансасының, 2 газ турбиналы электр стансасының және 1 жылу энергетикалық стансасының, Атырау облысында 21 газ тарату стансасының, 1 жылу электр стансасының және 1 газ турбиналы электр стансасының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осылайша, еліміздің жоғарыда аталған облыстарында тұтынушылардың барлық санаты үшін тауарлық газды үздіксіз беру қамтамасыз етілді.
«Бейнеу–Бозой–Шымкент» магистралдық газ құбыры арқылы газ тасымалдаудың тұрақты режімін сақтау және Қазақстанның басқа өңірлерін үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық газ операторы «Бозой» жерасты газ қоймасынан газ іріктеуді ұлғайтты. Бұдан басқа, «Бұхара-Орал» газ магистралінің компрессорлық стансаларында қосымша 5 газ айдау агрегаттары іске қосылды.
«ҚазТрансГаз» АҚ-тың пайдалану бригадаларының жедел жұмысының нәтижесінде Қазақстанның батыс өңірінде тауарлық газды жеткізу бойынша ешқандай шектеулер болған жоқ, газ тасымалдау жүйесінің барлық объектісі, сондай-ақ жылу және энергиямен жабдықтау объектілері штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.