Қоғам • 25 Ақпан, 2021

Былтыр елімізде ана мен баланы әлеуметтік қолдауға 635 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды

16 рет көрсетілді

Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау аясында 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жалпы сомасы 635,3 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, 430,7 мың адам жалпы сомасы 52,3 млрд. теңгеге бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны алды.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақыны 2020 жылы орта есеппен 120,9 мың адам 31,7 млрд теңге сомаға алды.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайынғы жәрдемақымен жалпы сомасы 49,1 млрд теңгеге 232,3 мың әйел қамтылды.

4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 2020 жылы жалпы сомасы 236,2 млрд теңгеге 428 290 мың отбасы алды.

2020 жылы мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға ай сайынғы жәрдемақыны 89,5 мыңадам 49,6 млрд теңге сомасында алды.

18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны 14,5 мың адам алды, оларға 8 млрд. теңге төленді.

Болашақ ана бала тууға толық дайын болуы үшін 2008 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыс істейтін әйелдерге МӘСҚ қаражаты есебінен жүктілікке және бала тууға байланысты біржолғы төлем жүзеге асырылады. 2020 жылы оны жалпы сомасы 96,4 млрд.теңгеге 203,1 мың адам алды.

Бала туғаннан кейін МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемдер жасалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша оларды жалпы сомасы 106,4 млрд теңгеге 501,6 мың адам алды.

Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін олардың бала күтімі бойынша 1 жасқа дейінгі демалыста болған кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді, бұл олардың зейнетақы жинақтарының ұлғаюына, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді.

2020 жылы республикалық бюджеттен МӘСҚ-тан  1 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушы 87 275 адамның жеке зейнетақы шоттарына 5,7 млрд. теңге аударылды.

Соңғы жаңалықтар

Жеті өңір «жасыл» аймақта

Қазақстан • Бүгін, 09:08

1459 адам коронавирустан жазылып шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:04

1642 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус • Бүгін, 09:00

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Спорт жаңалықтарына шолу

Спорт • Бүгін, 08:49

Басқа басылымдарға шолу

Әлем • Бүгін, 08:32

Алаш аманатына адал жан

Қазақстан • Бүгін, 08:21

Ұқсас жаңалықтар