Қазақстан • 25 Ақпан, 2021

World Justice Project ілгерілемелі прогресімен ерекшеленеді

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Рейтинг агенттіктерімен диалогты жалғастыра отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Вашингтонда орналасқан Дүниежүзілік Сот төрелігі жобасының (World Justice Project) сарапшылар тобымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

World Justice Project ілгерілемелі прогресімен ерекшеленеді

Агенттік Төрағасы сұхбаттасушыларды саяси жаңғырту шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтарына назар аудара отырып, елде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.

Өз кезегінде «Заң үстемдігі индексі» бағдарламасы бойынша директор Алиша Эвангелидес Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылуын жоғары бағалап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіші (absence of corruption) бойынша үдемелі өсуді және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі жетекші рөлді ерекше атап өтті.

«Біз одан әрі де ілгерілеуді көретінімізге сенімдімін. Қазір сіздер аймақтағы көшбасшылыққа емес, зор ауқымға бағдарланатын деңгейге жеттіңіздер», деді сарапшы.

Сovid-19 пандемиясы кезінде құқық үстемдігін қамтамасыз ету шаралары сарапшылардың зор қызығушылығын тудырды. Олар дағдарыс кезеңінде алдын алу және қылмыстық-құқықтық шаралар тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту туралы ақпаратты оң қабылдады.

Сондай-ақ, шетелдік әріптестер өлім жазасын жою туралы оң пікір білдірді. Саяси бәсекелестікті күшейту тұрғысынан партияларды тіркеу үшін шектің төмендеуі атап өтілді.

«Өткен парламент сайлауының қорытындысы бойынша үш партия өтті. Сонымен қоса, Парламентке өте алмаған жекелеген партиялар мәслихаттар деңгейінде өз позицияларын айтарлықтай нығайтты», деді Алик Шпекбаев.

Кездесу соңында рейтинг агенттігінің өкілдері басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның белсенділігіне назар аударып, Антикор басшысына сергек болуға мүмкіндік беретін тұрақты ашық диалог үшін алғыс білдірді.