Бұл күндері Қазақстан халқының алдында Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру міндеті тұр. Қоғам алдында тәуелсіздіктің 20 жылдан астам уақытындағы жетістіктерін сақтап қалу міндеті қойылған, «мықты мемлекет аман қалу саясатымен емес, жоспарлау, ұзақ мерзімді даму мен экономикалық өсу саясатымен айналысады». Президент Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөнінде мақсат қойды.
Бұл күндері Қазақстан халқының алдында Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру міндеті тұр. Қоғам алдында тәуелсіздіктің 20 жылдан астам уақытындағы жетістіктерін сақтап қалу міндеті қойылған, «мықты мемлекет аман қалу саясатымен емес, жоспарлау, ұзақ мерзімді даму мен экономикалық өсу саясатымен айналысады». Президент Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөнінде мақсат қойды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының негізгі міндеттерінің бірі жаңа әзірленімдерді, өнертабыстар мен инновацияларды сенімді құқықтық қорғау, оларды коммерцияландыру мен өндіріске енгізуге ықпал ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті өз құзыреті шегінде зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау саласындағы бақылау және (немесе) іске асыру міндеттерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Елбасы Жолдауында авторлық құқықтар мен патенттердің мәселелерін реттейтін заңнамаға ревизия жүргізуді және бұрын берілген барлық патенттер мен тіркелген авторлық құқықтарды, оларды коммерцияландыру мүмкіндігіне талдау жасауды тапсырды. Осы Жолдауды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы №449 Жарлығымен іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді, оның аясында бұрын берілген барлық патенттер мен тіркелген авторлық құқықтарды, оларды коммерцияландыру мүмкіндігіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берілді.
Құрамына түрлі министрліктердің, қаржы полициясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен патенттік сенім білдірілген адамдар енген жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы авторлық және аралас құқық, патенттік құқық, тауар белгілері және селекциялық жетістіктер сияқты салаларға қатысты барлық нормативтік құқықтық актілерге ревизия жүргізді.
Заңнамаға жүргізілген ревизияның нәтижесі зияткерлік меншік саласындағы заңнамалық актілерді қайта қарастыру қажеттілігін көрсетті.
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жобасында жиналған сыйақының сомасынан 30% мөлшеріндегі ұстап қалудың шектік пайызын белгілеу, ұжымдық ұйымдардың міндеттерін нақтылау, тапсырыс берудің авторлық келісім-шартын жасасу тәртібін регламенттеу, инновациялық патентті өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу жүйесінен алып тастау, қызметтік пайдалы модель мен қызметтік өнеркәсіптік үлгілерді пайдаланудың құқықтық режімін белгілеу және т.б. бөліктеріне түзетулер енгізу көзделген.
Әділет органдары зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарымен бірге тұрақты түрде тексеру іс-шараларын өткізіп тұрады.
Яғни, 2013 жылда әділет органдары құқық қорғау органдарымен бірге 598 тексеру жүргізген, 74 млн. теңгеден артық сомаға 119 мың бірлік контрафактілік өнім алынған.
Бұдан бөлек, 2013 жылдың 4 қыркүйегінде Дүниежүзілік экономикалық форумы (ДЭФ) Жаһандық бәсекелестік туралы 2013-2014 жылдарға арналған жыл сайынғы есебін жариялады.
Мемлекеттік органдардың қызметін талдау нәтижесі бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумының Бәсекелестіктің жаһандық индексі рейтингісінде «Зияткерлік меншікті қорғау» критерийі бойынша Қазақстан 19 позицияға көтерілді. Осылайша, Қазақстан Республикасы 92-ші орыннан 73-ші орынға көтерілді. Соңғы екі жылда аталған рейтингтің көрсеткіші 43 позицияға жақсарды.
Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы Зияткерлік меншік құқығын қорғау мен сақтау саласының негізгі принциптері 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Зияткерлік меншік құқығын қорғау мен сақтау саласындағы реттеудің бірыңғай принциптері туралы келісіммен айқындалған.
ДСҰ-ға кіру бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді ескере отырып, индустриялды-үдемелі жұмысты дамыту, әкімшілік кедергілерді төмендету, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуі үшін басым бағыттары айқын анықталған. Осыған байланысты, мемлекетіміз экономиканы нығайту және халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында еліміздің зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал жасай отырып жеткен жетістіктерімен тоқтамайды. Бүгінгі таңда жас тәуелсіз республикамыз әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғырудың кезеңінен табысты өтуде, өзінің жаңа мүмкіндіктерін ашуда, өз дамуының негізі болатын траекториясы – Қазақстан жолымен жүруді жалғастыруда.
Абзал ЕСТАЕВ,
Әділет министрлігі Зияткерлік меншік
құқығы комитетінің төрағасы.