Қоғам • 25 Ақпан, 2021

Президент: Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік жауапқа тартылады

631 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан арылту керектігін күн тәртібіне қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент: Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік жауапқа тартылады

«... Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз», дейді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керектігін басты назарға қойды. Сондай-ақ мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажет екенін баса айтты.