Біздің атымызға бірнеше ауылдық несиелік серіктестіктер басшылары атынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал етуді сұраған үндеу келіп түсті.
Біздің атымызға бірнеше ауылдық несиелік серіктестіктер басшылары атынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал етуді сұраған үндеу келіп түсті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 25 қаңтарындағы №137 қаулысымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-тың қатысуымен несиелік серіктестіктер құрылды. Олардың жалпы саны бүгінгі таңда 168 бірлікті құрайды.
Қазіргі кезде 10 000-нан астам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері несиелік серіктестіктердің қатысушылары болып табылады және осы несиелік серіктестіктердің қатысушылары олар үшін несиелендірудің жалғыз көзі болып отыр.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, несиелік ресурстардың қайтарылымы 92%-дан астам. Мысалы, Алматы облысында 18 несиелік серіктестік құрылды және жұмыс істеп тұр, 2700 ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілер олардың қатысушылары болып табылады, несиелік ресурстардың көлемі 7 млрд.-тан астам теңгені құрайды. Биылғы жылы қосымша 1500 қатысушы тартылды, олардың саны жыл сайын ұлғая түсуде.
Сонымен бірге, Үкіметтің қабылдаған «Агробизнес-2020» бағдарламасында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді республикалық бюджеттен кредиттік серіктестіктер арқылы несиелендіру көзделмеген. Сондықтан, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жеңілдетілген несиелерден айырылып отыр, ал екінші деңгейдегі банктердің несиелік ресурстары олар үшін қолжетімді болмай тұр.
Қалыптасқан жағдайға назар аударсақ, несиелік серіктестіктердің барлық жүйесі бойынша жеңілдетілген несие ресурстарын аса қажет ететін қатысушылардың – ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілер санының өсе түскенін көріп отырмыз.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы саласының ерекшелігін (мезгілдік, ауылдық кепілдік қамтамасыз ету, несиелік серіктестік қатысушыларының ынтымақтастық қағидаты) ескеріп, несиелік серіктестіктерді қаржыландырудың бірегей жүйесін құрғанын атап өту қажет. Бұл жүйе ауыл шаруашылығы бизнесін дамытуда өзінің өміршеңдігін және тиімділігін көрсетті.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жоғары тәуекелдердің (астықтың шықпай қалуы, мал індеті, т.б.) болуынан қатысушылардың төлемдерді мерзімінен ұзартып төлеуге (айыппұлсыз, өсімпұлсыз, соңғы мүлкін сатусыз) және бар қарыздарын келешекте алынатын астық пен келесі өндірістік кезеңдердегі қызметінде түсетін ақшалай түсімдердің есебінен өтеуге мүмкіндіктері болуға тиіс.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Үкімет несиелік серіктестіктерге 2014-2020 жылдар кезеңінде Республикалық бюджеттен жыл сайын 40 млрд. теңге көлемінде бюджеттік қаражатты бөлуге ықпал етсе, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін үлкен жеңілдік болар еді.
Әлихан ТОЙБАЕВ,
Мәжіліс депутаты.