28 Желтоқсан, 2013

Тұрғын үйлер маңында автокөлікті тұраққа қоюдың жеке ережесі әзірленуі тиіс

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

01-Маш 1Қазіргі таңда Қазақстан қалаларының әлеуметтік өзекті проблемаларының бірі аулалардағы автомобиль көлігінің жүктемесі болып табылады. Бұл ретте көппәтерлі үйлер ауласындағы көліктердің ретсіз шоғырлануы тұрғындарға көптеген қолайсыздықтар әкеліп жүр. Автокөліктер арнайы орындарға ғана емес, сондай-ақ, балаларға арналған ойын алаңдарына, көгал-гүлзарларға, тұрғын үйлердің кіреберістеріне, жолдың көлік жүретін бөлігіне және тротуарларға қойылып жатады. Бұл жайт тұрғындардың заңды наразылықтарын тудыруда.

Автокөліктердің аулаларда көптеп шоғырлануы коммуналдық қызметтер үшін, оның ішінде қоқыс шығару, «жедел жәрдем» және өрт сөндіру көліктері, таксилер, аналардың бесік-арбалармен қозғалысы үшін күрделі проблемаға айналып отыр. Қар жинайтын техникалардың да аулалардан қар шығаруға мүмкіндіктері де шектеулі. Автомобильдерге толып тұруының салдарынан аулалардағы жол-көлік оқиғаларының саны да ұлғаюда. Бөтен бiреудiң автокөлігін сырып кеткен жағдайда жүргізуші оқиға болған жерден оп-оңай кетіп қала алады.

Автокөліктердің аулаларда стихиялы түрде шоғырлануының негізгі себебі, аулалар маңында автотұраққа арналған жерлердің жетіспеушілігі болып табылатыны анық. Сонымен бірге, көліктерін ақылы автотұрақ орындарына қоюға мүмкіндігі жоқ тұрғындармен қоса, автотұрақта орны барлар да көп жағдайда көліктерін аулаларға қойып кетеді. Есесіне қаладағы көптеген автотұрақтар жарым-жартылай бос тұрады. Аулаларда жылдар бойы қараусыз тұрып қалған көлік құралдары да жоқ емес. Бұл мә­селе де проблеманы күрделендіре түсіп отыр. Уақыт өткен сайын аталған мәселе қиын­дай түспесе, оңайламайтыны тағы белгілі.

Осыған байланысты автокөліктердің аулаларда көптеп шоғырлануы мәселесін шешу үшін оларды тұраққа қоюдың жеке ережесі әзірленуі тиіс деп білеміз. Автокөліктерді балаларға арналған ойын алаңдарына, көгалдарға қою тәртібінің орындалуына бақылаудың да күшейтілгені жөн. Тұтастай алғанда, бұл проблеманы түбегейлі шешудің түрлі жолдарын қарастырмай болмайды.

Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ,

Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар