Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында электр жарығының болмауынан үйлерде жылыту жүйесі қатып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды

Батыс Қазақстан облысында электр жарығының болмауынан үйлерде жылыту жүйесі қатып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Тасқала ауданы Тасқала ауылында болды.

Бүгін сағат 11.30-да ауа райының нашарлауы салдарынан кеше төрт сағат уақыт бойы ауылда электр жарығы болмаған. Соның салдарынан Жеңіс көшесіндегі 16-ыншы және 18-мекенжайда орналасқан үш қабатты екі үйде (барлығы 44 пәтер) жылыту жүйесі істен шыққан. Қазіргі кезде пластикалық тұрбаларды ауыстыру және жылыту жүйесін қыздыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар өз үйлерінде.

Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті атқарушы органнан 40 адам, 2 техника жұмылдырылды. Оған қоса Атамекен ауылында сымның қысқа тұйықталуы салдарынан 43 абонент электр қуатынан ажыратылды. Қалпына келтіру жұмыстарымен «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ (4 қызметкер, 1 адам) айналысуда. Сондай-ақ Тасқала ауылында Абай мен С.Жақсығұлов көшелері қиылысында диаметрі 100 мм салқын су құбыры жарылды.

Салдарынан 500 абонент сусыз қалды. Мұнда «Комхоз» МКҚК (10 адам, 3 техника) жұмыс жасауда. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қатты аязға байланысты Оралда 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқитынын, БҚО-да 14 елді мекеннің жарықсыз қалғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті.