Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне енген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиал басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы 2010 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылып келді. Биыл еліміз бойынша 7000 жуық үміткер «Аңсаған сәби» арнайы президенттік бағдарламасы шеңберінде ЭКО жасатып, ата-ана бақытын сезінуге мүмкіндік алмақ.
«Мәселен, 2020 жылы Алматы қаласында 643 ЭКО жасалған. Оған 563 млн теңге бөлінді. Биыл 1238 манипуляция жоспарланған. Оған қарастырылған сома 2 есе артып, 1,1 млрд теңгені құрап отыр», - деді филиал директоры.
Биыл оңтүстік астанада аталмыш бағдарламаға 7 медицина ұйымы қатысып жатыр. Олардың бәрі де Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен:
- «Private clinic» ЖШС
- «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ
- «PERSONA» ЖШС
- «Экомед» фирмасы» ЖШС
- «Репродуктивтік медицина институты» ЖШС
- «Клиника AMD» ЖШС
- «Нұрай» ЭКО КЛИНИК ЖШС
ЭКО бағдарламасына қатысу үшін тіркелген емханаға барып арнайы есепке тұру қажет. Тиісті көрсетілімдер болған жағдайда дәрігерлер квотаға кезекке қояды. Квота жергілікті Қоғамдық денсаулық басқармасындағы арнайы комиссия шешімімен беріледі.
Естеріңізге сала кетсек, қосалқы репродуктивтік әдістерді пайдалану процесі ҚР ДСМ 2020 жылы 15-желтоқсандағы бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Бұйрықта жасанды ұрықтандыруға қойылатын талаптар толық жазылған. Мәселен, ЭКО бағдарламасына квота бойынша жасы 18 бен 42 аралығындағы, соматикалық, эндокриндік денсаулығы бірқалыпты әйелдер қатыса алады. Антимюллер гормоны көрсеткіші (АМГ) 1,0 нанограмм/миллилитрден жоғары, фолликулостимуляциялық гормон (ФСГ) көрсеткіші – 12-ден төмен, ал, фолликулдардың жалпы саны – алтаудан кем болмауы тиіс.
Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі – дүниежүзінде белең алып жатқан бедеулік проблемасына қарсы күрестің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Әлем елдері бұл әдісті пайдаланып келе жатқанына 40 жылдан асқан, ал Қазақстанда аталған процедура 1996 жылы қолданысқа енді. Қазіргі таңда республика бойынша 22 мыңнан астам сәби осы бағдарлама негізінде дүние есігін ашқан.
Жалпы, Қазақстанда бедеулік диагнозымен есепте тұрған әйелдер саны 11 мыңнан асып жығылады.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Алматыда «Атакент» маңында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар