Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

«Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» атты дөңгелек үстел өтті

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 ақпанда Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұрағатымен бірлесіп Алғыс айту күніне арналған «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онлайн-іс-шара барысында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты шығармашыл жастардың суреттерінің көрмесі мен таныстырылымы ұйымдастырылды. Іс-шараға түрлі этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

«Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» атты дөңгелек үстел өтті

«Алғыс айту күні-бұл өз еліне, өз жеріне, өзінің кіші отанына, өз отбасына алғыс айту мерекесі. Бұл мереке жастарға этностардың алдында қандай қиындықтар болғанын және осы қиындықтардың барлығын біртұтас Қазақстан халқына қалай біріктіргенін жастарға жеткізуге көмектеседі»,-деп атап өтті Алматы қаласы күрдтер қауымдастығының «Барбанг» этномәдени орталығының экс-төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бүкіл қоғамның дамуы үшін халық бірлігінің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл мерекенің негізі мен тамырын отызыншы, қырқыншы және елуінші жылдары аталарымыз бен ата-аналарымыз салған. Көптеген экономикалық, моральдық және тұрмыстық проблемалар туындаған қиын кезеңдер, біздің әкелеріміз бен аталарымыз бір-біріне көмектесу үшін барлық күш-жігерін біріктірді. Нәтижесінде біз дамыған, жас мемлекет - Тәуелсіз Қазақстанға ие болдық. Осы жылдар ішінде Қазақстан осы жерде тұратын адамдардың достық университетіне айналды», - деді Қазақстанның гректер қоғамының «Филия» ЗТҚ қауымдастығының төрағасы Георгий Иорданиди.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алғыс айту күні 1 наурызда, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні атап өтіледі.