Білім • 26 Ақпан, 2021

Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ онлайн өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды

«26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», делінген қалалық Білім басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ ауа райына байланысты 26 ақпанда Көкшетау қаласындағы бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды.