Спорт • 26 Ақпан, 2021

Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік "Grand Slam" турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды  Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді

Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар тізімін ұсынады. 

60 кг

Елдос Сметов - 5 орын (5218 ұпай)

Ғұсман Қырғызбаев - 10 (4426)

66 кг

Ерлан Серікжанов - 12 (3583)

Елдос Жұмақанов - 23 (2597)

73 кг

Жансай Смағұлов - 19 (2930)

81 кг

Дидар Хамза - 28 (2050)

90 кг

Ислам Бозбаев - 19 (2626)

100 кг

ТОП-50 қатарында қазақстандық жоқ

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев - 38 (1151)