- Бір жыл бұрын санитариялық дәрігерлер мен эпидемиологтар жаңа жағдаймен бетпе бет келді. Пандемия бүкіл әлемге адам өмірі мен денсаулығынан құнды ештеңе жоқ екенін айқын көрсетті. Сонымен қатар, жауапкершілік, өзіңіз туралы ұмытып, басқа біреуді құтқару үшін барлық күш-жігеріңізді бере білу, бұл қасиеттер әрқайсыңызға тән. Еңбекқорлық танытып, біздің ортақ ісімізге жан салуға дайын болғандарыңыз үшін рахмет. Бұл күні біз өз жетістіктерімізді, үлкен жеңістерімізді, күнделікті табыстарымызды, өз әріптестерімізді де мақтан етуге құқылымыз, - дейді Ж.Бекшин.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин құттықтау сөзінде әріптестеріне алғыс айтып қана қоймай, Алматы қаласының барлық тұрғындарына өз денсаулығын күтіп, бақытты болуды тіледі.