Әлем • 01 Наурыз, 2021

Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан әлем халқының 10 пайыздан кемі коронавирусқа қарсы антиденелер бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?

Ұйымның Twitter-де шыққан сұхбатында Сваминатан ДДҰ әлемнің кейбір қаласында инфекция ошақтарын талдайтын зерттеулерді қадағалап отырғанын атап өтті. Зерттеу нәтижелері кейде қала халқының кемінде жартысында коронавирусқа антиденелер бар екенін көрсетсеткен, алайда бұл ұжымдық иммунитетке қол жеткіздік дегенді білдірмейді.

«ДДҰ осы эпидемияға қарсы зерттеулерді қадағалап отыр, соңғы есептеулер бойынша, олардың саны 500-ге жуық болды. Ал оларды бірге қарастырсақ, әлем халқының 10 пайыздан азында бұл вирусқа қарсы антидене бар», деді Сваминатан.

«Әрине кей жерде, мысалы, халық тығыз орналасқан қалалық жерлерде халықтың 50-60 пайызы вирус жұқтырып, кейін антиденелері пайда болды. Алайда мұны бүкіл қала, провинция, штат немесе ел ұжымдық иммунитетке қол жеткізді деп айтуға болмайды», дейді сарапшы.

Сваминатан ұжымдық иммунитетке дүниежүзілік масштабта қол жеткізудің жалғыз жолы - вакцинация екенін мәлімдеді.