Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өрт салдарынан нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына барып, көңіл айтты.

Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды

 - Орын алған қайғының орнын толтыру мүмкін емес. Жалпы Сыр елі үшін бұл ауыр қаза болды. Көзге көрінген балаларымыз аман болсын! Алла берерін тоқтатпасын!, - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Қорлардың бастамасымен халықтан жиналған қаржыға өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына Арай мөлтек ауданынан 6 бөлмелі жаңа жер үй берілді. Аймақ басшысы үй иелерін жаңа баспанамен құттықтап, тұрмысқа қажетті сыйлықтар табыс етті.

Еске салайық, 2021 жылдың 18 ақпанында Әл-Фараби мөлтек ауданы 13 көшесі, 11-ші үйде өрт оқиғасы орын алды. Аталған мекен-жайға шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімінен 3 техника 16 қызметкер жұмылдырып, толық өшірілді.

Өрт салдарынан 2020 жылы туылған Төреханқызы Ардақ есімді нәресте қайтыс болды.

Сонымен қатар, анасы 1993 жылы туылған Тоқбергенова Дамира 1- ші дәрежелі көмір қышқыл газына улану және сол жақ білектің және
2 алақанының термиялық күйік шалу нақтамасымен қалалық ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күні жағдайы қалыпты деңгейде.

Зардап шеккен көпбалалы отбасы әкімдік тарапынан, кәсіпкерлердің қолдауымен 1 айға жететін азық – түлік, мектеп құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді.