Медицина • 01 Наурыз, 2021

2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежановтың айтуынша, тағы қосымша 100 млрд теңге қаржы 67 млн консультативтік және диагностикалық қызметті қаржыландырған.

2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?

Оның ішінде диагностикалық зерттеу, стоматологиялық қызмет, процедура мен манипуляция, жоғары технологиялы зерттеу, КТ және МРТ қызметтері бар.

Міндетті сақтандыру енгізілгелі бері амбулаториялық деңгейде дәрі алу қолжетімділігі де артқан. Бұрын пациенттер 45 дерт бойынша препараттар ала алатын болса, қазір 138 ауруға байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі екен. Былтыр қор активі есебінен еліміздің стационарларында жоспарлы түрде 1 миллионан астам пациент ем қабылдапты. Бұған 170 млрд теңге жұмсалған.

Тағы бір қызық дерек – былтыр әрбір төртінші жүкті әйел медициналық сақтандыру қаражаты есебінен босанған. Жалпы 37 млрд теңге сомаға 346 мың босандыру қызметі атқарылыпты.

Сонымен қатар жалпы құны 41,6 млрд теңге болатын 9,3 мың операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы аясында жүзеге асыпты. Оның ішінде 3,2 мың науқасқа кардиохирургиялық операция жасалса, 1,5 мың адамға нейрохирургиялық операция (нейронавигациялық жүйе қолданылған), 504 пациентке ортопедиялық операция жасалған.

Төкежанов МӘМС енгізілгелі бері күндізгі стационарларда 25 мың, тәулік бойғы стационарларда 132 мың адамның медициналық оңалтудан өткенін айтады. Жалпы, амбулаториялық-поликлиникалық деңгейде халыққа 2,8 млн оңалту қызметі көрсетілген.