31 Желтоқсан, 2013

Заң жобалары – тиісті комитеттерге

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюросы комитеттерге Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын бөлді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюросы комитеттерге Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын бөлді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Халықаралық қаты­нас­тар, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетіне ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшы­рып әкету) туралы ақ­паратты алған кез­­дегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы­ ке­лісімді ратификация­лау туралы заң жоба­сы берілді. Сондай-ақ, осы комитетке Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мү­ше мемлекеттердің аумақтарына әскери ин­фрақұрылым объек­тілерін орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы құжат та берілді.

Конституциялық заң­нама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті жол жүрісі туралы заң жобасына және соған сәйкес ілеспе заң жобасына бас комитет болып белгіленді.

Заңнамаға қайта құрылым­дауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Қаржы және бюджет комитетіне берілді.

Соңғы жаңалықтар