Құрамы 18 балуаннан тұратын ұжым толыққанды жаттығу үшін бұл жерде барлық жағдай қарастырылған. Мысалы, мұнда көкпаршылар жайлы жатын орынмен, дәмді тағаммен қамтамасыз етілген. Көкпар аттарының күтімі де жеткілікті деңгейде шешімін тапқан.
Өңір спортының басшысы Темірхан Абылаевтың айтуынша, көкпаршылар бұдан кейін Тараз қаласында 10-28 наурыз аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанады. «Облыс басшылығы тарапынан ұлттық спорт түрлеріне, оның ішінде көкпар ойынына мықты қолдау бар. Соның арқасында біз көкпаршылар командасының алаңсыз жаттығуына жан-жақты жағдай жасауға мүмкіндік алдық. Ұлттық спортқа демеушілік көрсетіп отырған намысты азаматтарға, оның ішінде «Бәйтерек» қонақжайының иелеріне айтар алғысымыз мол», дейді Т.Абылаев.
Еске салар болсақ, көкпардан Қазақстанның чемпионаты 28 наурыз бен 8 сәуір аралығында Тараз қаласында өтеді. Қарағандылық балуандар осы сында лайықты өнер көрсетіп, Арқа көкпар мектебінің абыройын асыруды алдарына мақсат етіп қойып отыр.
ҚАРАҒАНДЫ