ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңір бойынша 12 тасжолда көлік қозғалысына тыйым салынған. Оның 4-і республикалық, 8-і облыстық маңызы бар жол.
1-2 наурыз күндері құтқарушылар 194 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады. 20 техника мен жеке құрамнан 50 адам жолда қалғандарға көмек көрсетуде.
«Мәселен, «Бородулиха-Жезкент» тасжолында «Тойота Харриер» көлігі қар құрсауында қалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көлікті қардан шығарды» делінген хабарламада.
Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.