Конференцияға химия ғылымдарының докторлары – профессор Х.Оспанов, профессор Г.Шабықова, факультет деканы Х.Тасыбеков, ҚР Сенатының депутаты, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі А.Нұқұлы, Ресей ғалымы, профессор Н.Уваровтар, сонымен бірге |Назарбаев университеті мен Химия және химиялық технология факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері қатысты. Конференция барысында сөз сөйлеген ғалымның әріптестері мен шәкірттері Әлия Қапанқызының ашқан ғылыми жаңалықтарына, жұмыс істеу тәсіліне ерекше тоқталды. Ғалымның өмір жолы, жасаған ғылыми еңбектерінің жас ғалымдарды тәрбиелеуде маңызы ерекше.
Әлия Оспанова жоғары және төмен молекулалы лигандалар негізінде белгілі бір қажетті қасиеттерге ие күрделі координациялық қосылыстар алудың физика-химиялық негіздерін құрған айтулы ғалым. Ғалымның биомедицинаға арналған антибактериалды жабындар алуға қосқан үлесі зор. 2006 жылы Әлия Қапанқызы ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандардың мемлекеттік стипендиясына ие болған, 2006 және 2011 жылдары «ЖОО-ның үздік оқытушысы», ал 2010 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің күміс және алтын медаль иегері.