Қоғам • 02 Наурыз, 2021

Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

17 рет көрсетілді

Алматыда 1 наурызы Алғыс айту күніне Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ADAM BOL AWARDS жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ADAM BOL AWARDS жүлдесінің құрылтайшысы – қоғам қайраткері, Қоғамдық маңызды бастамалар Қорының жетекшісі, әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлия Назарбаева.

Марапаттау салтанатына Алматы қаласы әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев, ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова, киноактриса Альмира Тұрсын, композитор Ренат Гайсин, қазнэт батыры, қостанайлық полиция қызметкері Амантай Байжанов, гроссмейстер және Мәслихат депутаты Жансая Әбдімәлік қатысты.

ADAM BOL AWARDS қазақстандық жүлдесі ешқандай қиындықтан қорықпай, нағыз батырлық көрсеткен адамдарға арналған. Жүлде лауреаттары адам бойындағы мәрттік, жомарттық, ерлік, мейірім мен әділдік, махаббат пен даналық, сенім мен үміт сияқты асыл қасиеттерімен ерекшеленді. Көпшіліктің дауыс беруі мен жүлденің сарапшылар кеңесінің шешімі бойынша жеңімпаз атанған лауреаттар қатарында Надир Омарғазиев, Қазақ Ұлттық Өнер университеті колледжінің студенті  Иманғали Баймырза, Нұр-Сұлтан қаласы, 7-сынып оқушысы,  Жан-жануарларды қорғаушы Сергей Снигирев, Алматы. Қазақстанның Ұлттық гвардиясының әскери қызметкері Андрей Петров, Ақтөбе; Ақбота Аманғалиева, Ақтөбе қаласы, кәсіпкер; Ержан Амарханов, Семей қаласы, грек-рим күресінің жаттықтырушысы; Ардақ Байманасов, Ақтау қаласы, еңбек ұйымдастыру бойынша бас инженер; Артем Боровиков, Өскемен қаласы, студент; Александр Шахов, Теміртау қаласы, өндірістік альпинист; Әлиакбар Юлдашев, Түркістан қаласы, жұмысшы; Александр Жумабаев, Павлодар қаласы, КАМАЗ жүргізушісі бар.

ADAM BOL AWARDS қазақстандық жүлдесінің салтанатты марапаттау кешіннде 12 лауреат өзара жабық дауыс беру арқылы араларынан нағыз лайықты жеңімпазды MYQTY ADAM атағына лайық деп тапты. Жүлденің ең құрметті атағына өскемендік Артем Боровиков лайық деп танылды. Жеңімпаздардың әрқайсысы өз өмірлерін қауіпке тіге отырып, адам өмірін құтқарып қалған жандарға жүлде құрылтайшысы атынан 1 млн теңге қаржылай сыйлық берілді.

Лауреаттарды қолдап, жылы лебіз білдіру үшін марапаттау кешіне Қазақстанның ең жас композиторы Нұрәли Бейсеқожа, Mezzo тобы, «Славянский базар в Витебске» байқауының жеңімпазы Амре, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Майра Мұхаммедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин және тағы басқалар қатысты. 

Жарты жылдан астам уақытқа созылған жұмыс нәтижесінде Сайын Мұратбековтың «Түнгі жауын», «Әже», «Бірінші қар», «Қысқы кеш», «Жастардың отауы», «Мұқтардың бүркіті», тағы да басқа әңгімелері, повестері мен  новеллалары ағылшын тіліне аударылып, осы жинаққа топтастырылып отыр. Жинақты ағылшын тіліне аударған ағылшын аудармашысы Саймон Холлингсворд болса, редакторы Саймон Гейган. Бұл қос автордың Пен-клубпен жасаған алғашқы жұмысы емес. Бұған дейін Мұхтар Әуезовтың повестері мен әңгімелері, Оралхан Бөкейдің «Кісікиік», Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай», тағы да басқа қазақ классиктерінің көркем шығармалары ағылшын тіліне аударылғаны белгілі. Басылымды көркем безендірген дизайнер Мадина Ниязбаева. Шығармашылық өкілдерінің зияткерлік ынты­мақ­тастығын кеңейту, халықаралық әдеби қоғамдастыққа қазақстандық мәдениетті дамыту мақсатында 1993 жылы құрылған Қазақ ПЕН-клубы күні бүгінге дейін көптеген қазақ қаламгерлерінің шығармаларын ағылшын тіліне аударып, насихатымен айналысып келеді. Қазақ ПЕН-клубы Лондондағы бүкіл­әлемдік жазушылар қауым­дас­тығы – Халықаралық ПЕН-клуб­тың мүшесі. ЮНЕСКО-да  және БҰҰ-да кеңес­шілік мәртебесі бар.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Сайын Мұратбековтың ұлы Мәди Сайынұлы, Құралай Сайынқызы, сонымен бірге Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры  Серік Сейдуманов, қаламгерлер Смағұл Елубай, Қуандық Түменбай, Мереке Құлкенов, Жүсіпбек Қорғасбек, Үміт Тәжкен, Ербол Жұмабаев, кинодраматург Сатыбалды Нарымбетов, кинорежиссер Сергей Азимов, әдебиет зерттеушісі Светлана Ананьева, тағы басқалар қатысып, жазушы шығармашылығына қатысты ойларымен бөлісті.

Халықаралық Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің айтуынша, алдағы уақытта бұл жинақ «Біз – қазақтар... Қазақ әдебиетінің классикасы» үздік шығармалар сериясымен жалғасын таба беретін болады. 250-300 данамен басылатын қазақ қаламгерлерінің шығармалары Amazon интернет-дүкенінде орналастырылып, Оксфорд, Кембридж, Лондон университтерінің кітапханаларынан орын алуда. Бұл өз кезегінде қазақ әдебиетінің әлемдік қауымдастықтағы беделін арттыра түседі. Осы орайда отандық әдебиетіміздің озық үлгілерін Батыс өркениеті ғана емес әлем тани бастады деуге негіз бар. Дегенмен де, ұлттық әдебиетімізді шетелдерде насихаттау ісіне үлкен қолдау қажет. Нарықтық экономика жағдайында кітап рухани құндылық қана емес, тауар ретіндегі де сапасы жоғары болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда шығармаларымен бірнеше ұрпақ сусындаған ұлттық әдебиетіміздің жауһарлары әлемдік қауымдастық аясында насихатталып жатса нұр үстіне нұр.

Соңғы жаңалықтар

Көз тоймайтын коттедж қалашығы

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Тілеулі батырдың қанжары

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұқымбақтағы тындырымды іс

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Бірлігі жарасқан елміз

Пікір • Бүгін, 08:10

Қазақ кітабының күні қажет

Қоғам • Бүгін, 07:57

«Болашақтың» ғалымдары

Ғылым • Бүгін, 07:42

Арынғазы

Руханият • Бүгін, 07:32

Аманат арқалағандар

Руханият • Бүгін, 07:31

2020: Музейге қанша адам барды?

Руханият • Бүгін, 07:29

Елданаға ел риза

Спорт • Кеше

Жұмекеннің «Балаусасы»

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар