Тағайындау • 02 Наурыз, 2021

Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

1934 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Нұркен Өтеуіл Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театр директорының шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Нұркен Әшімханұлы Өтеуіл 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылында дүниеге келген.

1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты «Драма және кино актеры» бөлімінде  ҚР халық артисі Кәукен Кенжетаев пен Есім Сегізбаевтың шеберханасында білім алған.

1998 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында қызмет етеді.

ҚР Жастар Одағы сыйлығының (2000), «Дарын» жастар сыйлығының (2006), Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлығының (2012) иегері.