Қоғам • 02 Наурыз, 2021

Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан

55 рет көрсетілді

2021 жылдың қаңтар айының өзінде ғана елімізде 3 мыңнан астам кибер шабуыл жасалған. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп екен.

Қазақстандықтардың жеке мәліметтерін қорғау еліміздің басты міндеттері санатында екені белгілі. Осыған орай цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке деректерді қорғауды күшейтуге қатысты заң жобасына ұсыныстар қабылдап жатыр. Азаматтар өз ұсынысын 15 наурызға дейін жібере алады.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекетік бағдарламасы да азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырып, халықты жеке деректерін қорғай білуге тәрбиелейді. Аталған бағдарлама бойынша 2018-2022 жылдар аралығында халықтың цифрлық сауаттылығы 83 пайызға дейін артуы тиіс. 2019 жылы бұл көрсеткіш 82,1 пайызды құрапты. Мұндай көрсеткішпен еліміз БҰҰ-ның киберқауіпсіздік рейтингінде 40-орынға ие.

Ranking.kz дерегі бойынша, қаңтар айында жасалған 3 мыңнан астам кибер шабуылдардың 2,7 мыңы ботнеттерге тиесілі. Яғни, зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі арқылы компьютерлерге зиян келтіріледі. Ботнет фактісі бір жыл ішінде үш есе өсіп шыға келген. Құрылғыны интернетсіз қалдырудың 176 дерегі тіркеліпті. Бұл да алдыңғы жылмен салыстырғанда 69 пайызға көп. Фишинг, яғни, қазақстандықтардың жеке дерегін ұрлау бойынша 43 жағдай тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

9 су қоймасы салынады

Экология • 22 Қазан, 2021

Ұқсас жаңалықтар