Медицина • 02 Наурыз, 2021

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында

911 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы мемлекеттік бағдарламалар көрсеткіші бойынша көш басында. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 20 көрсеткіштің екеуіне ғана қол жеткізілмеген.

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында

Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің өткен жылғы қызметінің қорытындылары мен биылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды. Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов өңірлердегі денсаулық сақтау басқармасының  басшыларынан азаматтардың денсаулығын жақсарту  бойынша  шара қабылдауды сұрады. 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама 4 нысаналы индикаторға бағытталған. Бұл: азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 73,21 жасқа дейін арттыру, жүрек-қан тамыры, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулардан және қант диабетінен мезгілсіз қайтыс болғандар санын 18,86%  дейін төмендету, ана өлімін 17,1-ге дейін азайту, 1 мың тірі туғанға  шаққандағы нәресте өлімін 10,1-ге дейін төмендету.

758

Айта кетелік, өткен жылы өңірдің денсаулық сақтау саласына 13,7 млрд теңге бағытталды. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының Марат Пашимовтың айтуынша, бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау және жедел жәрдем қызметін күшейтуге мақсат қойылған. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында 2,5 млрд теңгеге  205 дана медициналық техника сатып алынды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 9 фельдшерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп, оның 5-і  пайдалануға берілсе, биыл төртеуі ашылады.

 

Түркістан облысы